21 маусым күні ҰБТ-ға 6186 тестіленуші қатысты

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Дидарбекова Наужан 2020 жылғы ҰБТ-ның бірінші күнінің қорытындылары жөнінде хабардар етті.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен 2020 жылғы 13 мамырдағы №201 бұйрығына сәйкес 20 маусым мен 5 шілде аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілуде. Жалпы маусым айындағы ҰБТ-ға қатысуға 131 754 өтініш қабылданды.

«21 маусым күні Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің 15 өңірінде басталып, 161 пунктің 51-інде өткізілді, оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. Жалпы ҰБТ-ның алғашқы күні барлығы 6512 тестіленуші қатысу қажет еді, алайда нақты 6186 тестіленуші қатысты», - Н. Дидарбекова.