21 маусым күні республика бойынша 73 тестіленуші ҰБТ-ға жіберілмеді

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз-конференциясында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, 2020 жылғы жаңашылдықтарының бірі – ғимаратқа кіргізу барысында тыйым салынған заттар (смартфондар, жазба қағаздар, құлақаспаптар және т.б.) табылған жағдайда, тестіленушінің емтиханға жіберілмейді. Осы қағиданы ұстана отыра алғашқы күні 73 түлек ҰБТ-ға жіберілмеген.

«Сонымен қатар, 91 тестіленуші ҰБТ өткізу Ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды. Барлығы 164 тестіленуші. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш барлық тестілеу мерзімінде 24 жағдаймен шектелген болған болатын»,-деді Н.Дидарбекова.