ҚР Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда электрондық коммерцияны дамыту аясында қазақстандық компаниялардың осы алаңдарға шығуы бойынша Alibaba, Ebay, Amazon және Wildberries келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы ведомство басшысы Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуі барысында хабарлады.

42 қазақстандық бренд Alibabaда ұсынылған, тағы 3 компания витриналар дайындауда. 21 қазақстандық компания Wildberries-те сауда жасайды.

Б. Сұлтановтың айтуынша, 2022 жылдың соңына дейін Wildberries компаниясы Қазақстанда инвестициялық жобаны іске асырады: Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында шамамен 5 мың жұмыс орны құрылып, алаңы 100 мың шаршы метрлік логистикалық орталықтар салынады.