589 полиция қызметкері азаматтардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде коронавирусты жұқтырды.

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, 589 полиция қызметкерінде коронавирус жұқтыру диагнозы расталды, соның ішінде 419 емделіп, 170-і емделуде.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер мен қызметкерлер арасында коронавирустық инфекциядан көз жұму фактілері тіркелген жоқ.