Мемлекет басшысы Жолдауда қылмыстық және қылмыстық-іс-жүргізу заңнамасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктеді. Марат Бекетаевтың айтуынша, аталған тапсырманы орындау үшін министрлік құқық қорғау органдарымен бірлесіп тұрақтылықты қамтамасыз етудің тиісті тетіктерін әзірлеу жұмыстарын қолға алды.

Мәселен, осы саладағы ұсынылған бастамаларды пысықтау тетіктерін күшейту арқылы Қылмыстық және Қылмыстық-іс жүргізу кодекстеріне түзетулер енгізу жиілігін азайтуға болады. Сонымен қатар, «әкімшілік» және «қылмыстық» құқық бұзушылық деген ұғымдарды нақтылау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Әкімшілік құқық бұзушылық» деген жаңа ұғым Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске әкімшілік құқық бұзушылықтар құрамдарын енгізудің, әкімшілік санкциялардың көлемі мен түрлерін анықтаудың, Қылмыстық кодекстің жекелеген құрамдарын қылмыстандырудың немесе қылмыс деп танымаудың өлшемдері болуы тиіс, - деді әділет министрі.