Бүгінде 36 мыңнан астам компьютер сатып алынды. Қалғанын әкімдіктер 1 қыркүйекке дейін алады. Үкімет отырысында өңірлерге осындай тапсырма берілді. Техниканың көп бөлігі ескірген және мұқтаж балаларға уақытша пайдалануға беруге жарамсыз. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

Оның айтуынша, өткен төртінші тоқсанда қашықтықтан оқытудың проблемалық тұстары анықталды. ҚР Білім және ғылым министрлігі «олқылықтарды» жойды. Біріншіден, ІТ-компаниялармен ынтымақтастық орнатылып, қазіргі кезде «Күнделік» және т.б. жүйелер мен интернет платформалар біріктірілді.

«Бұл интернет-платформаларда жаңа жылының бірінші және екінші тоқсандарына арналған материалдар дайын. Қазіргі кезде ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін қолжетімділігін арттыр жұмыстары жүргізілуде. Яғни, сурдоаудармамен қамтамасыз ету, қаріптерді ұлғайту және т. б. жасалады. Бұл мәселеге баса назар ударылады. Контенттік қамтамасыз ету да бақылауға алынды», - деді еліміздің бас педагогы.

Бейнесабақтар түсіру, сандық білім беру ресурстарын дайындау жұмыстары қолға алынды. Салалық министрлікпен телесабақтарды тарату туралы келісім жасалды. Айта кетейік, министрлік қашықтықтан оқытудан дәстүрлі оқыту форматына кезең-кезеңмен көшудің стратегиясын әзірледі.