Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Ашық жүрек» әлеуметтік жобасын таныстырған Қазақстан волонтерлері лигасының төрайымы Айсұлу Ерниязованың айтуынша, қазіргі уақытта еліміздегі волонтерлік қозғалыс мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдауға ие болып отыр. Оның атап өтуінше, бұл мемлекет басшысының 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялау жөніндегі бастамасына орай орын алды.

Қазақстанның бас волонтері атап өткендей, мемлекет пен үкіметтік емес сектор тарапынан көрсетілген қолдау жинақталған тәжірибені таратуға және барлық Волонтерлік қозғалыстың алдында тұрған маңызды міндеттерді шешу үшін қолда бар өңірлік ресурстарды біріктіруге мүмкіндік береді.

«Ашық жүрек» жобасы Азаматтық бастамалар орталығының, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен осы тәжірибені бүкіл елге таратуға және кеңейтуге жол ашады. Біз әр өңірде өз саласында жұмыс істейтін, өз өңірімізді көркейтетін, мұқтаж отандастарымызға, нақты учаскелерімізде көмек көрсететін пікірлес топтардың құрылғанын қалаймыз», - деді А.Ерниязова.

Биылғы жылдың ерекшелігіне тоқталған Волонтерлер лигасының төрайымы Волонтерлер жылы аяқталған кезде волонтерлік ешқайда кетпейтінін, үзілмейтінін, тоқтамайтынын атап өтті.

«Пікірлес еріктілер тобы бұдан әрі жұмыс істейтін болады. Міне, ең бастысы осы. Бұл әсер көп жылдар бойы сақталады», - деді Қазақстан Волонтерлері лигасының төрайымы Айсұлу Ерниязова.