Қазақстанда техникалық реттеу жүйесін жетілдіру шеңберінде жаңа ұлттық стандарттар әзірлеу жұмысы жүргізіліп жатыр. 2019 жылы жаңа 1 000 ұлттық стандарт әзірленді. 2025 жылға дейін тағы 2500 стандарт жасалатын болады. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуі барысында хабарлады.

Осылайша, 1 шілдеден бастап Қазақстанда Ислам ынтымақтастық ұйымының, Ислам елдерінің стандарттар және метрология институтының, MS (Малайзия) стандарттарының және басқалардың талаптары ескеріліп, Халалдың әзірленген 5 ұлттық стандарты күшіне енді.

Министрдің айтуынша, зертханалық желіні дамытуға үлкен назар аударылады. Елімізде 904 сынақ зертханасы жұмыс істейді, оның ішінде үштен бірі ЕЭК Бірыңғай тізіліміне кірген. Жаңа бағыттар (халал, органика және GLP-химия, мин.тыңайтқыш, құрама жем, дәрі-дәрмек) бойынша зертханалар жаңғыртылады, сертификаттау бойынша мамандар мен сарапшы-аудиторлар даярланатын болады.

«Біздің қысқамерзімді жоспарларымызда өнімді сертификаттауды тестілеудің халықаралық танылған жүйесін құру бар. Бизнес тауарлардың сапасының төмендігін, оның орамдарының нашарлығын және жеткізілімдердің шектелуін болдырмай әуелден халықаралық нарыққа бағдарланған тауар шығаруы тиіс. Қауіпті және сапасыз өнімге жол берілмеуі керек. Бұл, әрине, адал кәсіпкерлер мен қарапайым тұтынушылар үшін пайдалы болады», - деп толықтырды министр.