Журналистердің созылмалы ауруы бар азаматтарға жоспарлы операцияларды қалпына келтіруге қатысты сұрақтарына жауап бере отырып, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдайға байланысты инфекциялық және провизорлық стационарлардың 70% - дан астамға жұмыспен қамтылуы байқалған аймақтарда ғана стационарларға жоспарлы жатқызу тоқтатылғанын хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі гемодиализдегі науқастарды, онкологиялық науқастарды, жүкті әйелдерді және балаларды, сондай-ақ емделуді ауыстыру пациенттің өміріне қауіп төндіретін хирургиялық аурулармен ауыратын науқастарды жоспарлы емдеуге жатқызу жалғастырылатынын атап өтті. «Шұғыл медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі»,- деді А. Цой.