Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті. Көптеген зауыттар үш ауысымдық жұмыс форматына көшті, бұл ретте зауыттар толық қуатпен жұмыс істей бастады.

Ведомство басшысының айтуынша, "Азитромицинге" және халыққа барынша қажетті басқа да медициналық препараттарға деген толық қажеттілікті қазақстандық өндірушілер қамтамасыз етеді.