Алматы облысында жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар аясында 56,2 мың жұмыс орны құрылды, соның 30,1 мыңы – тұрақты жұмыс орыны. Бұл ретте «Жұмыспен қамту жол картасы» өз тиімділігін көрсетті, осы бағдарлама шеңберінде құны 105,6 млрд теңгелік, 20,9 мың жұмыс орнымен 1051 жоба іске асырылуда.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов хабарлады.

Өңір басшысының мәліметінше, жобалардың 43% әлеуметтік инфрақұрылымдарды жақсартуға, 237 жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен абаттандыру мәселелерін шешуге бағытталды.

«Өңірде «Еңбек» бағдарламасы бойынша 33 мың жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, бұл мақсатқа 15,7 млрд теңге қарастырылған. Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарынан 16,3 мың отбасы жалпы сомасы 6,3 млрд теңге болатын атаулы әлеуметтік көмек алды. Жалпы сомасы 712,5 млн. теңге болатын кепілді әлеуметтік пакет 19 мың балаға берілді. Жалпы сомасы 15,7 млрд теңге болатын 42 500 теңге төлемін 368,2 мың адам алды. Атап айтқанда, «Біргеміз», «Біргеміз Жетісу» қорының қаржысы есебінен және демеушілердің көмегімен облыстың 396 мың тұрғынына жалпы сомасы 4,9 млрд теңге көмек көрсетілді», - деді әкім.