Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ОКҚ брифингінде COVID-19-бен күреске тартылған дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қолдау шаралары туралы айтты.

Медицина қызметкерлері жұмыс істеген сағаттарына байланысты ай сайынғы үстемеақы алады. Осы жылдың 9 айында жалпы сомасы 14 млрд. теңгеден астам төлемдер жүзеге асырылды. Осы кезеңде ай сайын 3,5 мыңнан 7,5 мыңға дейін медицина қызметкері үстеме ақы алды.

КВИ-мен күресу барысында жұмыс орнында ауырған 1 491 медицина қызметкері белгіленген төлем алды. Қосымша 50 медицина қызметкері жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдер алды. Бүгінгі таңда кадрлық резервте 2 450 медицина қызметкері бар.