Алматы облысында жергілікті маңызы бар жолдардың құрылысы мен жөнделуіне 62 млрд теңге бөлінді.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасының арқасында көптеген кенттік жолдар жөнделді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімі Амандық Баталов мәлім етті.

Оның айтуынша, облыстың 347 елді мекенінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 220 адам қамтылды.

Сонымен қатар, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Талдықорған - Өскемен», «Үшарал - Достық», «Күрті - Бурылбайтал» және «Ұзынағаш - Отар» республикалық жолдарының құрылысы мен жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Барлық учаскелердегі құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталады деп күтілуде, бұл транзиттік жүк тасымалы мен туристер легін арттыруға ықпал етеді, - дейді өңір басшысы.

Ал жыл соңына қарай Алматы облысында жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейі 84% - ға жетеді.