Үш айдың ішінде облыстағы 3 мыңнан астам медицина қызметкері жалпы сомасы 1,2 млрд. теңге болатын бекітілген үстемақыларын алды. Сол сияқты жергілікті бюджет есебінен 1023 медицина қызметкеріне жалпы сомасы 137 млн. теңге сыйақы берілді. Бұл туралы бүгін онлайн брифинг кезінде айтылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов брифинг барысында коронавирус індетімен күрес шаралары туралы кеңінен айтып берді. Оның айтуынша, COVID-19 инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында облыс халқының әлеуметтік әлжуаз санатындағы 30 мың тұрғынына 50 млн. теңге сомасына вирусқа қарсы препараттар сатып алу жоспарланып отыр.