Бүгінгі күніАлматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 2479, оның 1290-ы жазылып шықты. Бұл туралы бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов онлайн-брифингіде айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Спикердің айтуынша, соңғы аптада өңірде инфекцияның өсу қарқыны 4 пайызды құрады.

«Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік комиссия шешіміне сәйкес, республикада 5 шілдеден бастап 14 күндік карантиндік шектеулер енгізілді. Барлық қабылданған шектеулер облыста эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырады деп сенеміз», - деді Б.Байжұманов.

Жалпы 5581 адам медициналық бақылауда, оның ішінде стационарлық емдеуде – 2583, симптомсыз үй бақылауында 895 адам, үй карантинінде – 2103 адам.

Инфекциялық бөлім реанимациясында 41 пациент ауыр және өте ауыр жағдайда. Оның 15-і өкпені жасанды жолмен желдету аппаратында жатыр. Ал облыста пневмониямен 2517 пациент емделуде. Бүгінде облыста стационарда пневмониямен 2517 пациент емделіп жатыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2 жарым есеге жоғары.

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, облыста соңғы аптада провизор бөлімінен 618 адам емделіп шыққан. Жалпы алғанда күнделікті 200-ге жуық науқас емханаға түссе, 150-ден астам адам емделіп шығуда.