Алматы облысында дәрігерлердің барлығы жеке қорғаныс құралдарымен 100% қамтамасыз етілген. Қазіргі кезде облыста жеке қорнағыс құралдарының 1 айға жететін артық қоры жасақталған, атап айтқанда 850 мың бетперде, 150 мың жұп қолғап, 45 мың жиынтық бір реттік қорғаныс костюмі бар. Бұл туралы бүгін Талдықорғанда өткізілген онлайн-брифинг барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Брифинг өткізген облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың айтуынша, жалпы індет басталғаннан бері Үкімет пен жергілікті бюджет резервінен жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) сатып алуға 730 млн. теңге бөлінді. Енді күзгі-қысқы маусымға ЖҚҚ сатып алуға қосымша қаржы бөлу жоспарланып отыр.