ЖЭО-2 жаңғыртумен байланысты көп жылғы проблема шешілді. ЖЭО-2 жаңғырту және табиғи газға ауыстыру нәтижесінде шығарындылар 38 мыңнан 6,8 мың тоннаға дейін қысқарады. Атмосфераға зиянды шығарындылардың үлесі 6 есеге төмендейді. Мұндай шешім Елбасы мен ел Президентінің қолдауының арқасында мүмкін болды. Алматылықтардың өзекті мәселесін шешу туралы қала басшысы Бақытжан Сағынтаев ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

«Екінші маңызды мәселе – жеке секторды газдандыру. Өткен жылы біз қала тұрғындарын газбен қамтамасыз етудің 99%-ына қол жеткіздік. Бүгінгі күні газға қосылмаған 1840 үй қалды. HalykBank-пен бірлесіп 18 айға пайызсыз кредит беріледі. Әкімдік халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жұмыстарды тегін жүргізеді. Қоғамдық көлік газ бен электр энергиясына ауыстырылады. Биыл дизель қоғамдық көлігін сатып алуға тыйым салынды. 150 газ автобусы сатып алынды. 200 такси газға ауыстырылды. Маршруттарға 14 электр автобусы іске қосылды, жақын арада тағы 37 автобус желіге шығады», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Бұдан басқа, 1 млн ағаш отырғызу бойынша 3 жылдық қалалық «Жасыл Алматы» бағдарламасы қабылданды. Өткен жылы 130 мың көшет отырғызылды. 2020 жылы 250 мың жасыл желек отырғызылды. 175 мыңы – Алатау ауданында.

«Биыл бір адамға шаққандағы жасыл желектер көлемі 7,7 шаршы метрден 8,5 шаршы метрге дейін артады, бұл 11%-ға өседі. Бағдарлама аяқталған кезде, 2022 жылы бір адамға жасыл желектердің ауданы 11 ш.м. құрайды, норма бойынша - 10 ш.м. әкімдіктің ұстанымы – мегаполистің экологиялық проблемаларын азаматтық қоғамның белсенді қатысуымен шешу. Біз бірге жұмыс істейміз», - деп түйіндеді қала басшысы.