Алматыда халықтың бастамалары мен тілектерін жүзеге асыруға 1,4 млрд теңге бөлінді

2020 жылы «Халықтық қатысу бюджеті» тұжырымдамасы аясында халықтың бастамалары мен тілектерін жүзеге асыру үшін Астанаға 600 млн теңге, Алматыға - 1,4 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ОКҚ алаңында халықпен есепті кездесу барысында Қаржы министрі Ерұлан ЖАМАУБАЕВ мәлімдеді.

«Қаржы министрлігі елде «халықтық қатысу бюджеті» жаңа бюджеттік тұжырымдамасын белсенді енгізуде. Өткен жылы пилот астананың Сарыарқа ауданында жалпы бюджеті 100 миллион теңге болатын 14 жоба бойынша өткізілді, - деді министр. - Ағымдағы жылы пилоттық жобалар Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық аудандарды және Алматы қаласындағы 8 аудандарды қамтиды».

Жаңа тұжырымдама шеңберінде жергілікті бюджеттердің жобаларын жасау және әзірлеу мәселелері нормативтік реттелді. Мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесін Ашық бюджеттер порталымен және жеке сектордың ақпараттық жүйелерімен ықпалдастыру жүргізіледі.