Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі клиникалар мен дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығын ескерту шаралары туралы баяндады.

Б. Сағынтаевтың мәліметінше, тұрақтандыру қорын құру үшін 10 млрд. теңге бөлінді. Оның 5 млрд. теңгесі ауруханалар мен емханаларды дәрі-дәрімекпен қамтамасыз етуге, 5 млрд. теңгесі дәріханаларды дәрілік препараттармен үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі таңда 68 атау бойынша азайтылмайтын ең төменгі қор 8 млн дәрілік препаратты құрайды.

Сонымен қатар, жеке қорғаныш құралдарының екі айлық қоры құрылған. 4,7 млн. ЖҚҚ бар, «СК-фармациядан» 4,6 млн. ЖҚҚ келіп түсуі күтілуде. Сонымен қатар, қалада күнделікті қуаты 982 мың бірлікті құрайтын медициналық бетперделер өндірісі жолға қойылған.