Осы жылдың маңызды оқиғасы – Алтын Орданың 750 жылдығы. 40-тан астам ғылыми-зерттеу және мәдени шараларды өткізу жоспарланған. Бұл туралы халық алдында есеп беру кезінде Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді.

Министр атап өткендей, бүгін Жошы хан кесенесінде ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілуде, онда тарихи-мәдени кешен пайда болады. Сондай-ақ, Алтын Орда-Ұлытау бесігіне отандық және шетелдік туристерді тарту мақсатында «Қасиетті Ұлытау», «Хан Жолы», «Теректі Әулие» және «Қорғасынқұпиясы» туристік бағыттары әзірленді.