Ақпан айының соңында 15 теңге, наурыз айында 150 теңге. Денсаулық сақтау вице-министрі пандемия жағдайында қорғаныс маскаларының 10 есеге жуық қымбаттауын түсіндірді.

Людмила Бюрабекованың айтуынша, жеке қорғаныс құралдары Қазақстанда шығарылады, бірақ жиынтықтауыштар шетелден, соның ішінде Қытайдан сатып алынады. Сондықтан пандемия салдарынан шекаралар жабылған кезде, отандық зауыттар, ең алдымен, медициналық қызметкерлерді маскалармен қамтамасыз ету бойынша келісімшарттарды орындады. Процестерді автоматтандыру және өндірістік қуаттылықты арттыру үшін Сыртқы істер министрлігіне араласуға тура келді. Сыртқы саясат ведомствосының өкілдері құрал-жабдықтарды сатып алуға көмектесті. Ал алыпсатарларды азайту үшін Үкімет араласып, қорғаныс құралдарының шекті бағасы 118 теңгеге дейін белгіленді. Қазір ол 85 теңге.

«Нарықтар ашылып, шикізат пайда болғаннан кейін, фармацевтика өнеркәсібіне жетекшілік ететін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, шикізат 20-25 есеге қымбаттады. Сондықтан маскалардың құны бұрынғыдай болмайды. Бірақ бағаны кем дегенде 60 теңгеге дейін төмендету үшін өндірушілермен келіссөздер жүргізіліп жатыр», - деп жауап берді Л. Бюрабекова.

Еуропалық елдердің тәжірибесі бойынша бетперделер тегін таратыла ма, жоқ па, оны комиссия шешеді. Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен кеңесіп, есептейді және нәтижесін жариялайды. Әзірге резерв ең төменгі бағамен қамтамасыз етіледі.