Орташа алғанда, кейіннен пневмонияның ауыр түрлері пайда болатын симптомсыз пациенттердің шамамен 3% - ы ғана стационарға жатқызылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен сараптамалық брифинг барысында Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының басқарма төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Бекбосынова мәлімдеді.

Медицина маманының айтуынша, пневмонияның патогенезі алғашқы жеті күн (қабыну фазасы), вирус ағзаға түскен кезде, бірақ адамда орташа 5-тен 7 күнге дейін ешқандай симптомдар болмауы мүмкін. Осы кезеңнен кейін адамда пневмонияның белгілері пайда болады - температура жоғарылайды, жөтел пайда болады. Осыдан кейін пациент стационарға емдеуге жатқызуға беріледі.

"Дер кезінде ұйымдастырылған амбулаториялық бақылау мен пневмонияның бастапқы белгілері бар пациенттерді емдеу арқасында аурудың ауыр түрімен ауыратын науқастардың саны барынша азайтылады. Бұл ауыр формадағы және өкпенің зақымдану алаңы кең пациенттер стационарға түсіп, одан әрі реанимациялық бақылау мен өкпені жасанды желдетуді қажет ететін жағдайдан аулақ болуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті М.Бекбосынова.