2020 жылдың наурыз айынан маусым айына дейінгі кезеңде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан медицина қызметкерлерінің еңбекақысына қосымша 32 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз маслихатында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, республикалық бюджеттен қосымша ақы төлеуге жалпы 38,1 млрд теңге бөлінген. Ең үлкен төлемді (42% немесе 13,4 млрд теңге) тәуекелдің 2-ші тобына жататын медицина қызметкерлері алды. Атап айтқанда, провизорлық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медициналық қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлері, оның ішінде емханада жұмыс істейтіндері де бар. Сонымен қатар коронавирусқа қарсы күреске тартылған санитарлық авиация дәрігерлері мен орта медициналық қызметкерлер. Ал саны жағынан тәуекелдің 3-ші тобына жататын медицина қызметкерлері басым. Олар қосымша ақы алған барлық медицина қызметкерлерінің 52% (80,5 мың адам) құрайды.

Инфекцияға қарсы күреске қауіпті жағдайларда тартылған медицина қызметкерлері санының ай сайын өсуі байқалады. Егер наурыз айында 19 мыңнан астам қызметкерге қосымша ақы төленсе, маусым айында олардың саны 53 мың адамға дейін артқан. ӘМСҚ басқарма төрағасы атап өткендей, медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы медициналық ұйымдарды қолдау шаралары қабылданды.

«Қазір ауруханалар мен емханалар өте қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Оларды қолдау үшін Қор алдын ала төлемдерді 50%-ға дейін арттырды. Ал ауылдық ауруханалар желісінің қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін жоспарлы медициналық қызметтер көлемі төмендеген жағдайда базалық қаржыландыру қамтамасыз етілді. Сондайақ, пандемия кезінде Қор медициналық ұйымдардың шарттық міндеттемелеріне мониторинг жүргізуге мораторий жарияланды. Біз оны медициналық көмек сапасы деп атаймыз»,- деді Б.Төкежанов.