«Ақжол» праймеризды бұрыннан пайдаланып келеді. Былтыр Президент сайлауы қарсаңында осындай ашық әдіспен сол сайлауға «Ақ жол» партиясы атынан қатысқан үміткер сайланды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ақ жол» партиясының төрағасы, парламенттік фракция жетекшісі Азат Перуашев мәлімдеді. Оның айтуынша, праймеризде алты үміткердің ішінен Дания Мәдиқызы жеңіске жетті.

«Партия құрылтайы барысында құпия дауыс беру өткізілді. Соның қорытындысы бойынша Дания Мәдиқызы Президент сайлауына қатысты. Біз бұл әдіспен таныспыз және оны одан әрі пайдалануды жоспарлап отырмыз»,- деді А.Перуашев журналистің қойған сұрағына берген жауабында.

Фракция жетекшісі атап өткендей, «Нұр Отан» партиясы өткізіп отырған праймериздің үйренетін де, сабақ алатын да тұстары бар.