Үкімет келесі жылдың қаңтарында жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін шекті жеткіліктілік әдістемесін бекітетін болады. Бұл туралы зейнетке шыққанда жеткілікті болатын салымшының шотында қалатын сома. ОКҚ алаңында жаңашылдықтармен таныстырған сарапшылар брифинг барысында кімге және қанша берілетініне көрнекі мысалдар келтірді.

«Алдын ала есептеулер бойынша, 35 жастағы адам үшін бір реттік төлем алуға өтініш берген сәтте шек 2,9 млн теңгені құрайды. Бұл қарттыққа жеткен кезде салымшыны зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз ету үшін БЖЗҚ-дағы салымшының зейнетақы шотында қалуға тиіс сома. Әрине, бұл сома инвестициялық кірісті ескере отырып ұлғаяды. Алдын ала есептеулер көрсеткендей, келесі 28 жылдың ішінде ол шамамен 6 млн теңгені құрайды және бұл сома оған одан әрі ең төменгі зейнетақыдан төмен емес мөлшерде зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік береді», - деді халықты әлеуметтік қорғаудың бірінші вице-министрі Ақмади Сарбасов.

«Отбасы банк» басшысы өзін мысалға келтіре отырып, жинақтарды бірнеше рет пайдалану мүмкіндігі туралы айтып берді.

«Менің 48 жасымда ең төменгі шекті көрсеткіш - 5 млн теңге шамасында. Мен одан қалғанын ала аламын. Жыл бойы оларды бірнеше мақсатта пайдалана аламын. Мысалы, ипотекалық қарызды мерзімінен бұрын төлеп, оған 3 млн теңге жұмсаймын. Ағама көмектесіп, оған бастапқы жарнаға 2 млн теңге бере аламын. Егер жалақым жетіп жатса, жаңадан ипотека алуға өтініш бере аламын. Яғни, бұл адамда жеткіліктіліктің ең төменгі шегі мен БЖЗҚ-дағы нақты жинақтар арасында айтарлықтай үлкен айырмашылық болғандағы жағдайға келтірілген гипотетикалық мысал. «Жасыңыз неғұрлым үлкен болса, зейнеткерлік жасқа жақындаған сайын, БЖЗҚ-да соұғұрлым көп ақша қалдыру қажет», - деді Ләззат Ибрагимова.

Айта кетейік, зейнетақы шотынан алынған сома үшінші тұлғалардан қорғалған. Жеке сот орындаушылары да, ажырасу кезінде ерлі-зайыптылар да, банктер де оған үміттене алмайды.