Қарағандыда жер қойнауын пайдаланушыларға Қазақстанда зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи геохимиялық зертхана іске қосылды.

Геология саласының инфрақұрылымын дамыту аясында 2020 жылдың сәуір айының басында «Қазгеология» «ALS» компаниясымен бірлесіп Қарағандыда жыл сайын 350 мың сынамаға дейін қуаттылығымен заманауи геохимиялық зертхананы іске қосты.

Зертхананы іске қосу жер қойнауын пайдаланушыларға Қазақстанда зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беріп, шетелдік орталықтарға жүгіну қажеттігінен арылтты, бұл жалпы, уақытша және қаржылық қорларды сақтауға алып келді.