Өз бетінше бастама көтеріп, Қоғамдық кеңеске кіруге бола ма? Заң бойынша – еш қиындықсыз. Ол үшін белгіленген нысан бойынша өтініш, тиісті құжаттар беру керек, жұмыс тобы кандидатураңызды қарайды. Бұл механизмді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте спикер, Денсаулық сақтау саласы бойынша қоғамдық кеңес төрайымы Надежда Петухова түсіндіріп өтті.

Ол жаңа Заңның қабылданып, Қоғамдық кеңестердің жұмысы анағұрлым тиімді болатынын атап өтті, өйткені оған өз ісі мен елі үшін «жаны ашитындар» ғана кіреді.

«Бәрі әкімшілік немесе мемлекеттік орган тарапынан қысым көрсетіледі дейді. Менің ойымша, осы Заң қабылданып, жұмыс тобының жетекшісі азаматтық қоғам өкілі болған кезде және ол жұмыс тобының отырысында ашық дауыс беру арқылы сайланатын болса, жұмыс істегісі келетін, өз біліктілігі бойынша жұмыс істей алатын адамдар Қоғамдық кеңеске мүше болады, сондықтан біздің жұмысымыздың тиімділігі артады.

Біздің қоғамдық кеңесті мысалға келтіре отырып, өте көп жұмыс атқарылғанын айтқым келеді, әсіресе нормативтік-құқықтық база бойынша. Денсаулық сақтау жүйесін реформалау жүріп жатқандықтан, пандемияға байланысты көптеген мәселелерді НҚА реттеуі қажет болды. Жүктеме үлкен болды. Қоғамдық кеңеске кіргісі келгендер - бұл белгілі бір кәсіби тәжірибесі бар, әріптестер арасында беделі бар адамдар - олар қоғамдық кеңеске енді деп ойлаймын», - деді Надежда Петухова әріптестерінің елеулі еңбегін атап өтіп.