Білім министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында журналистердің сұрақтарына берген жауабында қазіргі кезде 21 балаға 1 компьютерден келетінін айтты.

Министрдің айтуынша, компьютерлік техника мен оқушылардың теріс арақатынасы білім берудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру арқылы өзгеретін болады. Соның нәтижесінде алдағы 2 жылда 5 балаға 1 компьютерден келетін болады.

«Жақын арада тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Жергілікті атқарушы органдар 36 мың компьютер сатып алды, қосымша ұйымдастыру техникасы алынуда. Сонымен қатар, Дүниежүзілік банктің несиесі аясында мектептер үшін компьютерлік техника сатып алу мерзімін 2021 жылдан ағымдағы жылға ауыстыру мәселесі қарастырылуда», - деп түйіндеді БҒМ басшысы.