Елордада ПТР мәртебесі қызыл болған екі клиент анықталды, бірақ кейіннен бұл бес ай бұрынғы нәтижелер екені белгілі болды. Деректер қанша уақыт сайын жаңартылады және бұл келушілерге қиындық туғызбай ма? Журналистер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте спикерлерден «АSHYQ» пилоттық жобасының проблемасы туралы сұрады.

Сарапшының айтуынша, бұл жағдай науқастың ПТР-тестті қайта тапсырмауына байланысты орын алған.

«Деректер жүйеде әр 20 минут сайын жаңартылады, яғни тексеру жүргізіледі. Ақпарат бірыңғай дерекқорға зертханалардан олардың регламентіне сәйкес түседі, мысалы, күніне бір рет. Орын алған жағдайлар бойынша айтарым, клиентте немесе емделушіде коронавирус анықталған, содан кейін емдеу барысында қайтадан ПТР тапсырмаған», - деді «Digital innovation and transformation» ЖШС директорының орынбасары Виталий Пустовойтенко.

Сонымен қатар ол QR коды субъектіге берілетінін атап өтті: кіргенде және шыққанда. Бұл бизнес нысандары аумағының үлкен болуына байланысты. Клиент екі QR-код басып шығарады - біреуі кіруге, біреуі шығуға арналады - ғимаратқа кіруге цифрлық рұқсаттама алу - тікелей мобильді қосымшада тексеріледі.