Бұл жүйе адамдардың қозғалысын шектемейді. Тек карантин жағдайында бизнеске жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің цифрландыру басқармасының басшысы Саян Әбдішев мәлімдеді. Оның айтуынша, жүйе ерікті түрде жүзеге асырылады, мемлекет өз тарапынан оған қатысуға ешкімді міндеттемейді.

«Бүгінде бизнес үшін ақпараттық технологиялардың көмегімен карантин және шектеу шаралары жағдайында жұмыс істеу мүмкіндігі пайда болды. Бұл жүйенің мақсаты қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету және келушілерді коронавирустық инфекциядан қорғау болып табылады. Бұл қосымша бизнеске карантиндік шаралар кезеңінде өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді. Бас санитарлық дәрігердің 67-ші қаулысы бойынша мәртебе берілетінін ескеру керек. Нысанға кіргенде QR-кодты сканерлейсіз, келушілер тарапынан мобильді қосымшада индикаторлар шығады. Мысалы: «қызыл» мәртебе – COVID-19 оң нәтижесімен базада тіркелген, сары – байланыс, көк – дерекқорда жоқ, жасыл - ПТР тест нәтижесі теріс екендігін білдіреді», - деп түсіндірді спикер пилоттық жобаның мәнін түсіндіре отырып.

Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Қарағандыда тізімдерді «Атамекен» ҰКП жауапты орган -әкімдіктер санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерімен бірлесіп қалыптастырады. Жүйені бизнестің басқа объектілеріне кезең-кезеңмен енгізу жоспарланған.