Әскери полиция бас басқармасы жанынан Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбекті қорғау басқармасы құрылды. Ол қауіпсіздік мәселелері бойынша жағдайды талдайды және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев өз баяндамасында әскери қызмет қауіпсіздігіне ерекше назар аударды.

Оның айтуынша, әскери қызмет қауіпсіздігінің тәуекелдерін азайту картасы әзірленді.

«Қарулы күштерде қауіп-қатері бар әскерлердің тіршілік әрекетінің барлық мәселелері қауіпсіздігі жағынан бақылауға алынады. Оның ішінде – қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, ЖЖМ мен улы техникалық сұйықтықтарды сақтау, тамақтандыруды ұйымдастыру, парашютпен секіру, жауынгерлік оқ атуды өткізу мәселелері бар. Апатты жағдайдағы ғимараттар, ашық кәріз люктері мен электр сымдары, мұздан тазартылмаған тротуарлар сияқты мәселелерге дейін. Сондай-ақ, психологиялық және қаржылық аспектілер ескеріледі, оның ішінде әскери қызметшілерде несиелердің болуын талдау, кірістер мен шығыстарды салыстыру, құмар ойындарға әуестенуі және т.б.. Осы іс-шаралардың барлығы бір жылдың ішінде жарақаттану санын 44%-ға, ал қаза табу жағдайларының санын - қайтарымсыз шығындарды - 48%-ға азайтуға мүмкіндік берді.

Әскери қызмет қауіпсіздігінің тәуекелдерін азайту картасы жасалды, оның ішінде Арыс қаласында объектілерді жарылыс қаупі бар заттардан тазарту бойынша карта әзірленді. Әскери тәртіптің жай-күйі үшін лауазымды адамдардың дербес жауапкершілігі арттырылды. Нәтижесінде ағымдағы жылы 2019 жылмен салыстырғанда әскери қызметшілер арасында жарғыдан тыс өзара қарым-қатынас жағдайлары 28%-ға төмендеді. Өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші 2 есе азайды», - деді генерал-лейтенант.