Астаналар мен ірі қалалар халықаралық қауымдастығының өкілдері ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты алдағы мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық пен шығармашылық шабыт тіледі.

«Нұрсұлтан Назарбаев — Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, астананың авторы, ол әлемдік аренада кеңінен танымал және алдағы төрт жылға ХҚҚ-ның төрағасы болып сайланған. Қауымдастық құрамына әлемнің 9 елінен 85 қала кіреді», - деп атап өтті конференцияға қатысушылар.

Онлайн-конференцияда қала мэрлері пандемиямен күресте инновациялар мен Smartcity жобасын талқылады. Әр қала өз тәжірибесімен бөлісті. Мысалы, Рига қаласының (Латвия) өкілі әзірлеген Мобильді қосымша туралы айтып берді, ол пайдаланушының орналасқан жерінде COVID-19 ауырып жазылған адамдардың бар - жоғын, авторлардың ойынша, бұл пайдаланушыға өзін қауіпсіздендіруге немесе орналасқан жерін өзгертуге шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Қазан, Ташкент мэрлері, Оулу өкілі (Финляндия) және т. б. өз IT-тәжірибелерімен бөлісті.

Онлайн-конференцияға қатысушылар Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдаған шаралары мен Нұр-Сұлтанның коронавирусқа қарсы күрестегі тәжірибесі оң екенін атап өтті: бұл қысқа мерзімде модульдік инфекциялық госпиталь құрылысы, медиктерді қаржылық ынталандыру және оларды көлікпен қамтамасыз ету, құрылған оперштабтың жұмысы, IT-технологияларды енгізу, жедел медициналық көмек - орталық базасындағы ахуалдық орталықтың жұмысы КВИ пациенттерін стационар бойынша біркелкі бөлуге, сондай-ақ жедел жәрдем станциясының ұтқыр телеграм-боттары.

ХҚҚ бас директоры Владимир Селиванов қатысушы елдердің атынан Қазақстан астанасына қатысушы елдердің бірлігін білдіретін «армандар қала салады» инсталляциясы ұсынылатынын атап өтті. Инсталляция елорда скверлерінің бірінде орналасады.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов конференцияның қорытындысын шығарып, қатысушыларға алғысын білдірді.

«Әрбір қала үшін көрші елдер қалаларының тәжірибесі пайдалы. Бүгін біз COVID-19-бен күресте тәжірибе алмастық. Таяу 4 жылға арналған ХҚҚ дамыту тұжырымдамасының негізгі бағыттары: қалалардың тұрақты дамуы, цифрландыруды дамыту, сондай-ақ қалалар арасында Smart-технологияларда тәжірибе алмасу болып табылады. Қазіргі пандемия жаңа технологияларды дамыту және цифрландыруға ерекше назар аудару қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Елордамызды «Нұр-Сұлтан — жайлы қала» мастер-жоспары аясында дамытудамыз. Қала елорда тұрғындары мен қонақтары үшін ыңғайлы болуы керек. Барлық салада», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.