Қасым - Жомарт Тоқаевтың бір жыл өткен президенттігін отандық және шетелдік сарапшылардың бағалауы

«Аргументы и факты» газетіне сұхбат берген ресейлік публицист, жазушы Леонид Млечинніңайтуынша, президент Қ-Ж. Тоқаев бір жыл ішінде министрлерден әкімдерге дейін билікті айқын етті. «Қазақстандық шенеуніктер әлеуметтік желілердің жұмысына қосылды, онда қатардағы азаматтар жоғары кабинеттерден бәріне бірдей көріне бермейтін өздерінің мәселелері туралы жазады және билік өкілдері бұл мәселелерді шешеді», - деді публицист. «ГОВОРИТМОСКВА» интернет - басылымының материалдарынан (ссылка: https://govoritmoskva.ru/news/235961/).

Саясаттанушы Ислам Кураев Қасым-Жомарт Тоқаев президенттігінің ерекшелігі шенеуніктер әлеуметтік желілерге кіріп, қоғамның кейбір сұранымдарына жауап бере бастады деп есептейді. «Бұл, негізінен, халық пен шенеуніктер арасындағы қабырғаның қирауына себеп болды. Бұл біздің елдегі прогресс деп атауға болады, өйткені шенеуніктер ештеңені жарияламауға тырысты, ал енді бәрі ұсақ-түйекке дейін көзге көрінеді. Бұл жағдайда аудандық деңгейдегі әкімдер туралы айтамын, қоғаммен өзара байланыс пайда болды», - деп есептейді Ислам Кураев. Ол бізді саяси жүйеде өзгерістер күтуі мүмкін деп болжады. Бірақ бұл үшін еңбекті керек ететін көп жылдар қажет. «Біз бүкіл жүйеге қаншалықты сыни тұрғыдан қарасақ та, Тоқаев өз мойнына үлкен жауапкершілік жүгін алды. Ол президент болған бір жыл ішінде қаншама қиындықтарға тап болды, дегенмен оның төзімділігі қызықтырады, оның қолынан келеді. Мүмкін, біз саяси жүйедегі өзгерістерді де көрерміз, өйткені ол үшін жылдар қажет. Ұзақ уақыт бойы қалыптасқан жағдайды өзгерту оңай емес. Сондықтан, оны басқарған бір жыл бойынша қатаң бағалауға болмайды, бір жыл дегеніміз өте аз уақыт. Тіпті Саакашвили әсері де бірден нәтиже бермеді, оған екі мерзім қажет болды», - деді саясаттанушы. «Newtimes» ақпараттық агенттігінің материалдарынан (ссылка: https://newtimes.kz/politika/109899-politolog-za-god-prezidentstva-tokaeva-stali-razrushatsia-steny-mezhdu-obshchestvom-i-vlastiu).

Еуразиялық геостратегиялық зерттеулер институтының президенті Евгений Бажанов «экономика салаларын түрлі мемлекеттік және жартылай мемлекеттік құрылымдардың монополиялауына жол бермеу үшін» Тоқаев нарықтық ортаны кеңейту мен жақсартуға аса назар аударғанын атап өтті. Бұдан басқа, Президент елге тек ресейлік және қытайлық ғана емес, еуропалық және Қазақстан үшін маңызды басқа да көздерден шетелдік капиталды тартуға көп көңіл бөледі», - деп түйіндеді сарапшы. «ГОВОРИТМОСКВА» интернет басылымының материалдарынан (ссылка: https://govoritmoskva.ru)

Саяси ғылымдарының докторы, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің саяси әлеуметтану және әлеуметтік технологиялар кафедрасының профессоры Людмила Адилова: "...Менің ойымша, бүгін Қ.Ж.Тоқаев - елдегі ең беделді саясаткер, мансаптық дипломат және оның ықпалы ішкі саясаттан сыртқыға кеңейе алады. Оның артында түрлі саяси күштер, ықпал ету топтары тұр және оған берілген шеңберде билікті ұстап қала алады ма, ол өзіне байланысты. Алдыңғы шепке оған президент ретінде тікелей жолданған халықтың артикуляциялық мүдделері шығады...". «Кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі қоғамдық-саяси процестерді зерттеу бойынша ақпараттық-талдау орталығы» интернет-басылымының материалдарынан (ссылка: https://ia-centr.ru/experts/iats-mgu/god-tokaeva-kazakhstan-menyaet-imidzh/).

БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры хатшылығының басшысы Давид Чикваидзе: "...мен бұл терминді алғаш рет естігенде (ескертпе: «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет») мен қатты таң қалдым, себебі бұл өте ерекше термин, және өте ерекше тәсіл, әсіресе біздің бұрынғы КСРО республикаларында, бұл өте маңызды. Ал Сіздің Мемлекет басшысынан туындайтын бұл тұжырымдама - бұл тек «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» қана емес, бұл есте сақтайтын, ескеретін және орындайтын мемлекет – ең маңыздысы осы. Және осы «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» басында құлақ асатын, тыңдайтын және әрекет ететін Мемлекет басшысы тұр – бұл осы тұжырымдамадағы ең маңыздысы және ең құндысы, сондықтан бұл тұжырымдама ғана емес. Бұл өмірде іске асырылған тұжырымдама және ол жұмыс істейді». «Хабар» агенттігінің жаңалықтар порталының материалдарынан (ссылка: https://24.kz/ru/news/policy/item/401420-uspekhi-goda-prezidentstva-k-tokaeva-otmetili-mezhdunarodnye-eksperty).

Саясаттанушы, «Кім Қазақстанда кім» өмірбаяндық энциклопедиясының бас редакторы Данияр Әшімбаев: «...біз қоғамдық пікірге назар аударатын және жауапкершілікті өзіне алуға дайын адам - жаңа президентті көрдік. Тоқаев жауапкершіліктен қорықпайды және соңғы жылдары оның пікірінің мәні жоқ екеніне үйреніп кеткен халықтың пікіріне құлақ асады...». «Кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі қоғамдық-саяси процестерді зерттеу бойынша ақпараттық-талдау орталығы» интернет-басылымының материалдарынан (ссылка: https://ia-centr.ru/experts/marsel-khamitov/d-ashimbaev-tokaevu-dlya-vyzhivaniya-neobkhodimo-prizhat-elitu-k-nogtyu/).

Саясаттанушы Расул Жұмалы «Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауы, сондай-ақ Арыс пен Теңіздегі оқиғалар Мемлекет басшысы үшін маңызды оқиға болды деп санайды, дегенмен тәжірибелі саясаткер бұл қақтығыстарды тиімді реттей алды. «Бұл проблемалардың барлығы жылдар бойы жинақталды: Арыстағы жарылыстар, жұмысшылар арасындағы қақтығыстар, авиакомпания жұмысындағы тұрақты талап бұзушылықтар. Бұл өзекті мәселенің бәрі Тоқаевқа дейін туындады. Бірақ дәл Тоқаевтың президенттігі кезінде осылардың бәрі шиеленісті. Бір жыл ішінде еліміз бұған дейін екі жыл ішінде тап болмаған көптеген сын - қатерлерге тап болды», - деп пайымдайды Расул Жұмалы. «Informburo.kz» ақпараттық-аналитикалық порталының материалдарынан (ссылка: https://informburo.kz/stati/godovshchina-inauguracii-tokaeva-kak-prezident-spravilsya-s-obrushivshimisya-na-stranu-krizisami.html).

Саясаттанушы Досым Сәтпаев Қ.-Ж. Тоқаев үшін ең сынды қатер Қазақстандағы коронавирус індеті, карантин енгізу және мұнай бағасының құлдырауы болды деп есептейді. Осының бәрі елде күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді тудырды. Сонымен қатар, сарапшылардың көпшілігі билік қабылдаған іс-әрекеттер ақталды деп санайды. Осылайша, саясаттанушы Эдуард Полетаев төтенше жағдай режимін енгізуден бас тарту ел үшін үлкен құрбандыққа айналуы мүмкін еді деп болжады. «Биліктің ТЖ және карантин енгізу туралы шешімі Қазақстанда көптеген адамның өмірін сақтап қалды. Осындай шешім халыққа аса ұнай қойған жоқ, себебі бизнес тұрып қалды, адамдар жұмысынан айрылды, кәсіпкерлер шығынға ұшырады. Бірақ шешім дұрыс болды, әйтпесе адам шығыны одан да көп болар еді», - дейді Эдуард Полетаев. «Informburo.kz» ақпараттық - аналитикалық порталының материалдарынан (ссылка: https://informburo.kz/stati/godovshchina-inauguracii-tokaeva-kak-prezident-spravilsya-s-obrushivshimisya-na-stranu-krizisami.html).