Біріншіден, мерекенің Бірыңғай логотипі пайдаланылатын болады. Екіншіден, Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге, елдің тәуелсіздігін нығайтуға, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар қазақстандық мерейтойлық медальмен және төсбелгілерімен марапатталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Конституциялық Кеңесі аппаратының басшысы Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарға марапаттау үшін квоталар бөлінді. Сондай-ақ, пандемиямен күреске тартылған кәсіп өкілдеріне ерекше назар аударылады. Бұл дәрігерлер, еріктілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және т.б.

Ұлттық іс-шаралар жоспары аясында Конституциялық Кеңес 24-30 тамыз аралығында «Ата заң апталығы» жобасын жүзеге асырады.

«Жобаның мақсаты – қоғам мен мемлекетті жаңғыртудағы Конституцияның рөлін терең түсіну, халықтың қалың жігінің назарын Негізгі Заңға аудару, «Рухани Жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасы аясында қоғамның конституциялық мәдениетін арттыру. Елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, олардың барлығы онлайн режимде өтеді. Осы жоба аясында бүкіл ел бойынша онлайн конференциялар, дөңгелек үстелдер, тегін заң кеңестері, вебинарлар, БАҚ-қа шығу, қайырымдылық акциялары, жаңа нысандарды пайдалануға беру, пәтерлердің кілттерін, жеке куәліктерді тапсыру және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады», - деді Нұрмұханов.

Іс-шаралар күнтізбесін сайттардан және бірлескен ұйымдастырушылардан алуға болады. Конституциялық Кеңестің негізгі серіктестері Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және басқа да ұйымдар болып табылады.

Ұлттық банк жаңа мерейтойлық монеталарды айналымға шығаруды жоспарлап отыр. Графикалық композицияның негізі ретінде Конституцияның 25 жылдығының ресми логотипі қолданылды. Номиналы 200 теңгелік 3 мың монета және «100 теңге» 50 мың дайындалды. 25 тамызға мерейтойлық пошта маркасын өшіру жоспарланған.