Әзірге қалада 41 арнайы көлік бар. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді.

«Қыркүйек-қазан айларында лизинг аясында республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа 40 санитарлық автокөлік сатып алынады. Тағы 15 сатып алу жоспарлануда. Бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізілуде»,- деді өңір басшысы.

Емханаларға бекітілген халыққа қызмет көрсететін мобильді бригадалардың қажеттілігі үшін де техника қажет. 61 мобильді бригада құрылды. Үйде емдеу COVID-19 жұқпасының симптомсыз және жеңіл түрлері бар пациенттер үшін амбулаториялық жағдайда жүргізіледі.