Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі мәлімдеді. Айдарбек Сапаровтың айтуынша, қазір астықтың 60% астамы жиналған кезде сатып алу бағасының белгіленуін күтіп отырған трейдерлер енжарлығына қарамастан, астықты сатып ала бастады.

«Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігі астық экспортына тыйым салу мәселесін қарастырып жатқан жоқ. Егін жинау өнімділік өткен жылғы көрсеткіштерден төмен емес екенін тағы да дәлелдеді. Сондықтан біз экспорттық әлеуетті сақтаймыз», - деді АШМ өкілі.

Оның айтуынша, дәстүрлі өткізу нарықтары сақталады: Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстан, Иран, Ауғанстан.

«Біз әлемнің 40 еліне 8 млн. тоннаға жуық астық экспорттаймыз», - деп нақтылап өтті А.Сапаров.