Елімізде ауыл шаруашылығы саласында техника паркін жаңарту жылдан жылға жақсарып келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров хабарлады. Оның айтуынша, биыл бұл көрсеткіш 4 пайызды құраған.

«Былтыр ауыл шаруашылық техникасы паркін жаңарту 2 пайыз болған. Биыл 4 пайызға жетті. Бұл – жақсы көрсеткіш. Бұрын 8 мың техниканың басы жаңартылса, биыл 12 мың техника жаңартылды. Бұған біріншіден, 25-35 пайыздық инвестициялық субсидия септігін тигізді, екіншіден алған несие мен лизингтің процентін субсидиялау мәселесі ықпал етуде», - деді АШМ басшысы журналистің қойған сұрағына берген жауабында.