ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың ақпараты бойынша, 2019 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 0,9% - ға артып, 5,2 трлн.теңгені құрады. 2020 жылдың 4 айында жалпы өнім көлемі 2,2% - ға артты.

2019 жылдың қорытындысы бойынша келесі нәтижелерге қол жеткізілді: – ауыл шаруашылығына инвестициялар сомасын 41%-ға ұлғайту (2018 жылы-395,6 млрд. теңгеден, 2019 жылы – 501,6 млрд. теңгеге дейін);

  • мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін 4%-ға ұлғайту;
  • еңбек өнімділігінің 14%-ға өсуі, бұл жұмыспен қамтылған бір адамға шаққанда 2,4 млн.теңгені құрайды. 2020 жылдың 4 айында:
  • ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар 10,1% -ға (98,4 млрд. теңге), азық-түлік өнімдері өндірісі 14,9%-ға (20,6 млрд. теңге) ұлғайды.);
  • мал шаруашылығында жалпы өнім шығару көлемі 2,3%-ға өсті (ет өндірісі - 3,6%, сүт-3,2%);
  • азық-түлік өндірісі 2,4% - ға өсті.