«Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, біз үшін азаматтардың, оның ішінде кәсіпкерлердің заңды құқықтарын сақтау маңызды», - деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов.

«Бірінші кезекте, біз бизнесті қылмыстық процеске тартуды барынша азайтамыз. Біз өз қызметкерлерімізге кәсіпкерлерден тергеу процедурасынан тыс құжаттарды сұрауға тыйым салдық».

Сонымен қатар, қылмыстық істердің жаппай қозғалуы алынып тасталды. Бүгінгі күні өзара есеп айырысу сомасы ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген шекті деңгейден аспайтын «қолма-қол ақша» фирмаларының клиенттерін шақыруға тыйым салынған. Бұл жалпы санның тек 1% - ы болғанына қарамастан, барлығын пысықтау практикасы жойылды.

«Бұл көлеңкелі бизнеспен күреске барынша назар аудару үшін қажет. Осылайша, біз адал кәсіпкерлерге қолдау көрсетеміз, өйткені оларға «көлеңкелі кәсіпкерлермен» бәсекелесу қиын, өйткені соңғылары салық төлемейді және рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істейді», - деп атап өтті ҚМК басшысы.

Қаржы мониторингі комитеті жауапкершілікті өз мойнына алды және қылмыс құрамы жоқ өткен жылдардағы 2,5 мың қылмыстық істі тоқтатты. Сондай-ақ, жауап алуға қайта шақырулар 2 есеге, ал тергеу мерзімдері 40% - ға қысқарды.

«Біз бұған жүйелі шаралардың арқасында қол жеткіздік. Біздің қызметіміздің ерекшелігі бұлтартпайтын дәлелдер, адамдардың қолдары мен мөрлері болған кезде қылмыстық процеске қатысушылармен құжатталған фактілер бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу. Қылмыстық процеске қатысушыларға қысым жасаудың, әсіресе азаптауды қолданудың қажеті жоқ. Дегенмен, тергеу әрекеттерінің ашықтығы үшін барлық аумақтық бөлімшелер бейне бақылау камерасын орнатып және күту залдарындағы мониторларға бейнелерді шығара отырып, ашық жауап алу кабинеттерімен жабдықталған. Олар бойынша жауап алынғандардың туыстары процесті басынан аяғына дейін қадағалай алады», - деп атап өтті Жанат Элиманов.