Қазақстан 30 IT-компанияға халықаралық нарыққа шығуға көмектеседі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 30 қазақстандық ІТ-компанияға халықаралық нарыққа шығуға көмектеспек. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы міндеттерінің бірі - бұл Қазақстанның ІТ-саласын қолдау. Осы мақсатта ІТ-саланы дамыту бойынша сәйкесінше жол картасы бекітілді. Сондай-ақ, спикер бүгінгі күні отандық IT-нарықта 7 мыңға жуық компания бар екенін хабарлады. Министрлік халықаралық нарыққа шығу үшін жоғары әлеует көрсеткен 30 компанияны іріктеп алды. Қазіргі уақытта экспорттық қолдау мәселесін пысықтай бастады.