2016 жылы Қазақстанның допингке қарсы зертханасы ДДҚА аккредиттеуден айрылды. Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп оны қалпына келтіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтылды.

Спикердің ақпараты бойынша, қазіргі таңда зертхана 1700 шаршы метрді құрайтын жаңа ғимаратқа көшіріліп, жоғары стандарттар мен ДДҚА талаптарына сай заманауи жабдықтар сатылып алынған. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде зертхана ДДҚА аккредиттеуді қалпына келтіруге үміткерлердің құрамына кірді.