Қазақстанда 30 қызмет белсенді көрсетіледі.

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халық алдындағы есептік кездесу аясында азаматтардың сұрақтарына жауап бере отырып мәлімдеді.

Бүгін белсенді форматта 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Баланың туу туралы куәлігін SMS-те баланың аты-жөнін жолдай отырып ресімдеуге болады. Сондай-ақ, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған көп балалы аналар жәрдемақыны белсенді форматта ресімдей алады. Министр ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша белсенді форматта көрсетілетін 30 қызмет іріктелгенін хабарлады. Олардың арасында – жүктілік және босану бойынша төлемдерді тағайындау, мүгедектікті белгілеу, мектепке қабылдау, көшелердің немесе елді мекендердің атауы өзгерген кезде мекенжай деректерін өзгерту, жерлеуге біржолғы төлем тағайындау және т.б. бар.

«Қазір әйел адамдарға босанғанға дейінгі және декреттік төлемдерді ресімдеу үшін ХҚКО бару қажеттілігі жоқ. Бұл қызмет белсенді форматқа көшірілгеннен кейін, еңбекке жарамсыздық парағын ресімдегеннен кейін оған SMS-хабарлама келеді, оған жауап бере отырып ол жәрдемақы ресімдейді. Ең бастысы - жүйе хабарламаны қайда жолдауын білуі үшін, ол мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс», - деп түсіндірді министр.