ІІМ ақпараты бойынша жыл басынан бері 1 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды.

Оның ішінде:

  • есірткі бизнесі саласында 3 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі жойылды. Заңсыз айналымнан 1,4 тонна есірткі тәркіленді;
  • синтетикалық есірткінің заңсыз айналымына байланысты 261 факті анықталып, оның жолы кесілді. 26 кг астам есірткі тәркіленді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 5,5 есе артық (4,8 кг);
  • 3 жасырын есірткі зертханасы қызметінің жолы кесілді;
  • 500 электронды ресурс анықталды, 234 граффити-наркосайттардың электрондық мекен-жайлары бар жазулар алынып тасталды.

Жалпы, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 12 жыл ішінде есірткіге тәуелділердің тұрақты төмендеу үрдісі байқалады.

Анықтама: есепте есірткіні қолданатын 21,7 мың (-3%) адам, оның ішінде 98 (-26%) кәмелетке толмағандар және 1626 (-4%) әйелдер тұр.