ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөз сөйлеген Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ынталандыру мақсатында 2020 жылы минералды тыңайтқыштарды субсидиялау сомасы 38% - ға (19-дан 26,2 млрд. теңгеге дейін) артты, ал ауыл шаруашылығы өндірушілерінің агрохим-картограммасының болуы бойынша талаптар 2022 жылға көшірілді.

«Тұқым шаруашылығын 9,5 млрд.теңге мөлшерінде субсидиялау 2019 жылы егістердегі элиталық тұқымның үлесін 5,9 - дан 6,5% - ға дейін арттыруға, сондай-ақ сапасы нашар тұқымның үлесін 11,8-ден 9,2% - ға төмендетуге мүмкіндік берді» - деп атап өтті ведомство басшысы.

Министр мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру мәселелеріне тоқталды, оның аясында өсімдік шаруашылығындағы барлық субсидиялар Субсидиялаудың бірыңғай ережелеріне біріктірілді. Бұдан басқа, пестицидтерге гербицидтер ұғымынан өсімдіктерді қорғау құралдарын субсидиялау кеңейтілді, бұл инсектицидтер мен дефолианттардың кең тобын қамтуға мүмкіндік берді.

С. Омаровтың пікірінше, басты жаңалықтардың бірі тұқым, тыңайтқыш, пестицидтер сатып алынған күннен бастап 12 ай ішінде субсидия алу, сондай-ақ отандық ғана емес, шетелдік селекцияның тұқымдарын субсидиялау болып табылады.