ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-баспасөз конференциясы барысында «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры басшысының орынбасары Әнуар Жанғозин жұртшылықты «Елбасы медалі» ұлттық жобасының іске асырылуы туралы хабардар етті.

Спикердің ақпараты бойынша жас көшбасшыларды дайындауға бағытталған аталмыш жобаны «El Umiti» бастамасы аясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жүзеге асырады.

Анықтама: «Елбасы медалі» бағдарламасы 14-29 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастарға арналған. Бағдарламаның басты мақсаты талантты жас қазақстандықтарды іздеу және қолдау болып табылады. Бағдарламаның үш деңгейі бар: қола, күміс және алтын. Қола деңгейі 14 жастан, күміс деңгейі 15 жастан, алтын деңгейі 16 жастан.

Бағдарламаға оқу орнына, тұратын жеріне қарамастан кез келген адам қатыса алады. Бұл ретте қатысушы өздерімен ғана жарысып, күн сайын өзінің физикалық жағдайын жақсартып, дағдыларын дамытып, айналасындағыларға көмектесе отырып, жарысады.

Бағдарламаға қатысуға ниет білдірушілер me.fpp.kz сайтында 20 маусымға дейін өтінім беруі тиіс. Қосымша ақпарат алу үшін 7170 call-орталығына хабарласуға болады.

Қор басшысының орынбасары атап өткендей, жобаға қатысушылар 7 бағыт бойынша жетілдірілуі мүмкін: спорт; таланттар мен дағдыларды дамыту; кітап оқу; волонтерлік қызмет; Ұлттық мұра; туристік жорықтар мен еңбек тәжірибесі. Нақты қызмет түрлерін, мысалы, спорт түрін қатысушы өзі таңдайды.

Әрбір деңгейде қатысушыларға сабақтардың ұзақтығы мен мерзімділігі бойынша талаптар қойылады: қола деңгейден өту үшін 6 ай, күміс деңгейден өту үшін – 12 ай, алтын деңгейден өту үшін – 18 ай беріледі. Жалпы, «Елбасы медалі» бағдарламасы өзін-өзі бақылау, эмоциялық интеллект, коммуникациялық дағдыларды, белсенді қызметке ұмтылуды дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар, сабақ болашақ кезеңдерді анықтауға, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға, ой-өрісін және дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі.

«Қор өз өмірін өзгертіп, қоршаған ортаны жақсартқысы келетін жасөспірімдер мен жастарға әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету жүйесін құрды. Жобаны мақсаты – бағдарламаның 7 бағыты бойынша жоспарлы түрде мақсатқа қол жеткізу», - деді А. Жанғозин.

Спикер өз сөзінде жаңа технологиялар барлық оқу үдерісін қашықтықтан ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Өз сөзінде ол жастарды уақыт жоғалтпауға, сайтта тіркелуге және қатысушыларға табысты әрі мақсатты адам болуға көмектесетін күрделі, бірақ қызықты және өте пайдалы сынақтарға дайындалуға шақырды.