Қазақстанда жеңілдетілген ЭЦҚ пайда болады.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында халық алдындағы есептік кездесу аясындағы азаматтардың сұрақтарына жауап бере отырып, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.

Жаңа, «бұлтты» электронды цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) қолданыстағылардан басты айырмашылығы оны пайдалану үшін компьютерде ешқандай қосымша бағдарламалық қамтамасыз етуді (NCALayer) орнатудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, ЭЦҚ өзі пайдаланушыда компьютерде емес, қорғалған серверде сақталады және оған қолжетімділікті азамат тек бейнесәйкестендіру көмегімен ала алады.

«ЭЦҚ»-ға азаматтар тарапынан үнемі көп сұрақтар болды. Біріншіден, оны алу үшін ХҚКО бару керек екені қиын болды. Екіншіден, кейбіреулер қосымша бағдарламаларды орнату қажеттілігіне байланысты оны пайдалану кезінде қиындықтарға тап болды. Бірнеше ай бұрын біз ЭЦҚ алу процесін қашықтан алу форматына көшірдік, ал қазір біз NCALayer орнатудың қажеті жоқ жеңілдетілген электронды цифрлық қолтаңбаны әзірлеумен айналысудамыз», - деді Жұмағалиев.

Қазіргі уақытта жаңа электронды қолтаңбаның функционалы әзірлеу сатысында. Жеңілдетілген ЭЦҚ ағымдағы жылы іске қосуды жоспарлап отыр.