Қазіргі уақытта «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ 450 мың тонна астық бар. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында корпорацияның басқарма төрағасы Қанат Қарауылов журналистердің сұрағына берген жауабында осылай деді. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жазғы кезеңде 24,5 млрд теңге сомаға астықты форвардтық сатып алу жүзеге асырылды. Республиканың 370 ауыл шаруашылық өндірушілері қаржыландырылды, жалпы көлемі 516 мың тонна астық сатып алынды, оның ішінде шамамен 450 мың тонна бидай, 50 мың тонна арпа, 10 мың тонна күнбағыс, 300 тонна қарақұмық.

«Қазіргі кезед нарықта трейдерлер астық қабылдау кәсіпорнының сапасына және ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші ҚҚС төлеуші болып табыла ма, жоқ па, тоннасына 80-нен 87-ге дейінгі бағамен қатардағы бидайды сатып алуда. Корпорация өзінің сатып алу бағасын 7-10 күннен кейін, егін жинау жұмыстары аяқталуға жақындағанда, елімізде өндірілген астық көлемі белгілі болғанда және өсірілген астықтың сапасына қарай жариялауды жоспарлап отыр», - деп нақтылады Қ. Қарауылов.

Акционерлік қоғамның басқарма төрағасы атап өткендей, форвардтық сатып алуды ескере отырып, корпорация 1 млн тоннадан астам астық көлемін қалыптастыруды жоспарлап отыр, бұл жалпы сатып алу бағасын белгілеу кезінде ішкі нарыққа қысым жасау үшін алғышарттар тудырмайды.