Биылғы жылдың 13 наурызынан бастап Қазақстанда коронавирустық инфекциямен (ПТР+) 99442 адам ауырды. 72 523 немесе 72,9% емделді. Стационарларда 4 713 және 20 937 пациент амбулаториялық деңгейде емделуді жалғастыруда. Статистика деректерін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов келтірді.

Науқастардың жалпы санының 246 - сы ауыр дәрежеде және 69-ы өте ауыр дәрежеде, 70-і ӨЖЖ-де. Соңғы тәулікте COVID-19-ды елімізде 741 адам жұқтырды, өкінішке орай, 23 адам қайтыс болды.

«ДДСҰ ұсынысы бойынша, осы жылдың 1 тамызынан бастап біз статистикаға коронавирустық инфекцияға ұқсас, бірақ теріс ПТР сынағы бар пневмония жағдайларын енгіздік. Ия, бұл Қазақстанның коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша әлемдік рейтингте бір позицияға жоғары көтерілуіне әкелді және қазір 26-орында тұр. Есепке алудың жаңа әдістемесін енгізудің арқасында біздің қолымызда нақты суретке барынша жақын тексерілген деректер бар»,- деп атап өтті Б.Қожахметов.

Бұл, оның айтуынша, болашаққа дұрыс болжам жасауға, жаңа толқынға дайын болу үшін адам мен материалдық ресурстарды нақты есептеуге мүмкіндік береді.