Заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Фавипинавир тек клиникалық сынақтарда қолданылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі хабарлады. Бағдат Қожахметовтың айтуынша, бірыңғай дистрибьютор әзірге дәрі-дәрмекті сатып алмайды. Алайда, ол клиникалық хаттамадан шығарылғанға дейін, бірақ клиникалық сынақтар мақсатында ғана қолданыла береді.

«Қазір бүкіл әлем тиімді вакциналар мен дәрі-дәрмектерді іздеуде, кез-келген емдеу тәжірибелік болып табылады. Дәрігер пациентті дәрі-дәрмектің жанама әсерлері туралы хабардар етуге міндетті, ол тек стационар жағдайында ғана қолданылады және ешқандай пациентке оның жазбаша келісімінсіз бір таблетка берілмейді», - деп атап өтті Б.Қожахметов.

Ол сондай-ақ емдеуден шығарылғанға дейін COVID-19-бен күрес аясында медициналық ұйымдарға 168 млн.теңгеге жуық сомаға 543 184 дана «Фавипинавир», ал тағы 18 мың «Гидроксихлорохин» таблеткалары тиелгенін хабарлады.