Елдегі коронавирустық жағдай тұрақты. Ауру жұқтыру төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дәстүрлі брифингте айтты.

Оның мәліметінше, бүгінгі таңда елімізде 107 134 науқас тіркелген, соңғы тәулікте 78 адам COVID-19-бен ауырған. 3835 адам емделуде, 1689 азамат қайтыс болды.

Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның 30579 ықтимал жағдайы (ПТР) тіркеліп, 26533 адам емделді, қайтыс болғандар саны 337 адам.

«Мен ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен қалпына келтірілген науқастар туралы жағдайды нақтылағым келеді. 14 қыркүйекте Coronavirus.kz сайтында КВИ-ге ұқсас пневмониядан айыққан 6 853 пациент туралы ақпарат жарияланды, ал 15 қыркүйекте бұл сан 26 335 адамды құрады. Мұндай күрт өсу 1 тамыздан 13 қыркүйекке дейін стационарлық, амбулаториялық деңгейде және үйде емделген барлық пациенттердің мәліметтер базасына енгізілуіне байланысты болды. Осылайша, біз Қазақстанда коронавирустық инфекцияға ұқсас пневмониядан сауыққандардың саны ауырғандар санынан асып түсті деп айта аламыз», - деп түсіндірді Қожахметов.